Friday, January 5, 2024
«Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны және технологиясы» педагогтерге арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама, тыңдаушы) онлайн-форматта біліктілікті арттыру курсының оқу процесін реттейді.
Осы бағдарлама тыңдаушыларды тәрбие жұмысының мазмұны мен технологияларының өзектілігімен таныстыруға, ұрпақты жоғары идеалдарға жетелейтін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеуге бағытталған сапалы білім берудің негізі ретінде Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру үшін педагогтердің тәрбие ісі бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған.
Бағдарлама жылдам өзгермелі әлем мен әртүрлі іс-әрекеттерді іске асыру жағдайында мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мақсатын, міндеттері мен ерекшеліктерін түсінуге бағытталған.
Бағдарламаның тақырыптың мазмұнына сәйкес тыңдаушыларды курстық оқыту ұзақтығы 80 академиялық сағатты құрайды.
Бағдарламаның өзектілігі келесі факторларға байланысты:
1. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-мәдени жағдайдың өзгеруі. Жаһандану, ақпараттандыру және қоғамда болып жатқан басқа процестер жағдайында мұғалімдердің алдында өмірдің жылдам өзгермелі жағдайларына бейімделе алатын жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр. Осыған байланысты «іс-шара өткізу» тәсілінен білім беру ұйымдарында «тәрбие мақсатына сәйкес жоба арқылы әрекет ету» тәсіліне көшуге басымдық беріледі [1].
2. Білім алушыларды тәрбиелеу деңгейіне қойылатын талаптарды артуы. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қазіргі заманғы мемлекеттік стандарттары оқушыларды тәрбиелеу деңгейі мен сапасына, оларда қажетті жеке қасиеттер мен құзыреттерді қалыптастыруға жоғары талаптар қояды.
Жалпы, көптеген дереккөздерде қазақстандық білім алушылардың іс-әрекетіндегі жүгенсіздікке бой алдыратындығы туралы жиі сын айтылып, тәрбие деңгейі орташа деп бағаланады.
Бұл ретте оқушылардың білім деңгейі өңірлер бойынша әр түрлі болатыны атап өтіледі. Мәселен, қалаларда білім деңгейі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары.
Жалпы, мектеп оқушыларының көпшілігі үлкендерге құрмет, басқаларға қамқорлық жасауға бейім, адалдық пен еңбекқорлықты бағалайды. Дегенмен де, азаматтық жауапкершілік деңгейінің төмендеуі, айналасындағыларға ізет көрсету мен сыпайылық таныту төмендеуі, зорлық-зомбылық жасауға оқытауы секілді проблемалар назар аударуды қажет етіп, педагогтердің, қоғамның алаңдаушылығын тудыруда. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жариялаған деректерде кәмелет жасына толмағандар арасында тіркелген қылмыстардың ішінде зорлау және зорлауға оқталу, алаяқтық, ұрлық, мүлікті қасақана білдіру секілді әрекеттердің өскендігін көруге болады [2].
3. Жауапкершілігі жоғары азаматты қалыптастырудағы тәрбиенің рөлі. Тәрбие тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Ол адамның қоғамның табысты мүшесі болуына мүмкіндік беретін қажетті қасиеттерді дамытуға бағытталған. Қоғам алдында Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұрған қазіргі әлемде жауапты азаматты тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі болып тұр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір азаматтың санасын өзгерту қажеттігін атап өтті. Бұл азаматтардың бойында әділдік, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отаншыл және басқа да қасиеттерді қалыптастыру қажеттігін білдіреді. Президент жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеуді қоғам болып бірлесіп бірге шешуіміз қажеттігін және оның кезең күттірмес маңызды міндет екенін атап өтті. Бұл істе білім беру ұйымдары маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал азамат» тәрбиелеу міндеті тұр және ол жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңірген, озық әлемдік білімді меңгерген адал азаматты қалыптастыруды айқындайды [3].
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 294 бұйрығымен Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» [4] бекітілді.
4. Педагогnердің кәсібилігін арттыру қажеттілігі. Қоғамдағы және білім берудегі өзгерістерге байланысты педагогтер кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, білім алушылардың тәрбиелеу мен білім беру ұйымындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заманауи сұранысына сәйкес формаларды ұйымдастырып, технологияларды тиімді қолдануы керек.
Осылайша, Бағдарлама қазіргі жағдайда өзекті және сұранысқа ие болып табылады және педагогтердің тәрбие саласындағы кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған және олардың жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу міндеттерін тиімдірек шешуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама мақсаты: қазіргі мектеп оқушыларын тәрбиелеу саласындағы тыңдаушылардың кәсіби құзыреттерін жетілдіру.
Бағдарлама міндеттері:
1) тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, тәрбиенің қағидаттары, әдістері мен тәсілдері, «Адал азамат» тұжырымдамасы және Біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы педагогтердің білімі мен түсінігін кеңейту;
2) пән мазмұны арқылы оқу процесінде оқушылардың құндылық бағдарларын қалыптастыру әдістері туралы білімі мен түсінігін тереңдету;
3) педагогтерде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың, тәрбиелеу деңгейін диагностикалаудың тиімді әдістемелері мен технологияларын іске асыру біліктері мен дағдыларын дамыту;
4) педагогтердің педагогикалық (кейс) жағдайларды шешуге және сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды жоспарлауға дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелері:
1) педагогтер тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері туралы жүйелі білім мен түсінікті, тәрбиенің қағидаттарын, әдістері мен тәсілдерін, «Адал азамат» тұжырымдамасын және Біртұтас тәрбие бағдарламасын меңгереді;
2) педагогтер оқу пәндерін зерделеу процесінде мектеп оқушыларының құндылық бағдарларын қалыптастыру әдістерін меңгереді;
3) ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың, тәрбиелеу деңгейін диагностикалаудың тиімді әдістемелері мен технологияларын іске асыру біліктері мен дағдыларын қалыптасады;
4) педагогикалық (кейс) жағдайларды шешуге және сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды жоспарлайды.
Бағдарламаның практикалық маңыздылығы тәрбиенiң теориялық негiздерiн, тәрбиенiң қазiргi заманғы технологиялары мен әдiстерiн зерделеудi, сондай-ақ озық тәжiрибенi талдауды және қорытуды қамтитындығында. Біліктілікті арттыру нәтижесінде педагогтер мектеп оқушыларының тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қолдана алатын жаңа білім мен дағдыларды меңгереді. Бұл тәрбие процесін неғұрлым тиімді етуге және мектеп оқушыларының жан-жақты әрі тұлғалық дамытуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама:
- педагогтердің креативтілігі мен бастамашылығын дамытуға ықпал ететін оқытудың белсенді формаларын қолдануды;
- педагогтер мен ата-аналардың өзара әрекеті мен ынтымақтастығының деңгейін арттыруға ықпал ететін бірлескен іс-шаралар өткізуді қамтиды.
Бұл ұжымда қолайлы жағдай жасауға және тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Оқыту нәтижелерi оқу процесiнде игерiлген бiлiм мен дағдылар педагогтерге оқушылардың бойында еңбекқорлықты, адалдықты, саналылықты, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негiзiнде жасампаздықты қалыптастыруға бағытталған Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес оқушыларды тәрбиелеу жөнiндегi алған бiлiмдерi мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға мүмкiндiк бередi.
5. Бағдарлама құрылымы және мазмұны
Бағдарлама құрылымы бойынша сабақ тақырыбы бойынша шолу дәрістерді, бейне сабақтарды, таныстырылым мен теориялық материалды және оқу мақсаттарының жетістіктерін мониторингілеу мақсатында бекіту үшін практикалық тапсырмаларды қамтитын 4 модульден тұрады. Әрбір модульдің соңында нақты тақырып бойынша вебинар жоспарланған және сабақ/сынып сағаты жоспарын әзірлеуге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін уақыт бөлінеді.
1 модуль. Курстың теориялық негіздемесі |
|
1.1 |
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Отандық және шетелдік практикадағы тәрбиенің негізгі проблемалары . |
1.2 |
«Адал азамат» тұжырымдамасы. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»: мақсаты және міндеттері, құндылықтар, тәрбие мазмұны және жүзеге асыру механизмдері. |
1.3 |
Практикалық жұмыс «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша кешенді жоспар. |
1.4 |
Вебинар 1. Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарының іс-шаралар жоспары. Өзін-өзі және өзара бағалау. |
2 |
2 модуль. Тәрбиелеу саласындағы педагогтердің психологиялық-педагогикалық кәсіби құзыреттерін жетілдіру |
2.1 |
Тәрбие принциптері. Тәрбиелеу деңгейін диагностикалау. |
2.2 |
Мектеп оқушыларын тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері. |
2.3 |
Практикалық жұмыс «Педагогикалық жағдаяттарды шешу: оқыту процесіндегі тәрбие ісі». |
2.4 |
Вебинар 2. Оқу пәндерін оқу процесіндегі тәрбиенің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өзін-өзі және өзара бағалау. |
2.5 |
Ұлттық құндылықтар: ұғым, мәні, мазмұны . |
2.6 |
Ұлттық мүдде, Ар-ұят, Талап құндылықтары: құрылымы және күтілетін нәтиже. |
2.7 |
Вебинар 3. Пән мазмұны арқылы оқушылардың құндылық бағдарларын қалыптастыру әдістері. |
2.8 |
Практикалық жұмыс «Педагогикалық жағдаяттарды шешу: ұлттық тәрбие құндылықтарын дарыту әдістері мен тәсілдері». |
2.9 |
Вебинар 4. «Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің элементтерімен сабақты жоспарлау. Өзін-өзі және өзара бағалау». |
3 |
3 модуль. Тәрбие жұмысының мазмұны мен технологиясы |
3.1 |
Бастауыш сынып оқушыларының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру. |
3.2 |
Білім алушылардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде қазақ халқының мақалдары мен тиым сөздерді қолдану. |
3.3 |
Практикалық жұмыс «Ұлттық ойындар баланың физикалық және интеллектуалдық дамуының құралы ретінде». |
3.4 |
Орта сынып оқушыларының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру. |
3.5 |
Шығармалар/фильмдер кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттері мен зиянды әдеттерін талқылаумен кейс-жағдайларды шешу. |
3.6 |
Вебинар 5. Орындалған жқмыстарды өзара бағалау. |
3.7 |
Жоғары сынып оқушыларының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру. |
3.8 |
Жастарды әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға тарту, кәсіптік бағдарлау мәселелерін талқылай отырып кейс-жағдайларды шешу. |
3.9 |
Білім алушылардың бойында тарихи сананы, патриоттық сезімді, азаматтық белсенділікті қалыптастыру әдістемесі. |
3.10 |
Вебинар 6. «Сынып сағатын/ата-ана сағатын жоспарлау. Сынып сағатының/ата-ана сағатының жоспарын түзету». Жұмыстарды өзіндік және өзара бағалау. |
3.11 |
Практикалық жұмыс «Педагогикалық жағдаяттарды шешу: отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы құруға жауапкершілік туралы этикалық әңгіме жүргізу». |
4 |
4 модуль. Өзіндік жұмыс және бағалау |
4.1 |
Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы. Мектеп оқушыларын тәрбиелеу бойынша бағдарламалар мен жобалар әзірлеу. |
4.2 |
Сыныптан тыс/мектептен тыс/ата-аналар жиналысының тақырыбын дайындау. |
4.3 |
Практикалық жұмыс «Тәрбие іс-шарасын талдау». |
4.4 |
Вебинар 7. Тәрбие іс-шарасының құрылымы мен мазмұны. Жұмыстарды өзіндік және өзара бағалау. |
4.5 |
Жобаны және таныстырылымды қорғау. |
Толығырақ https://cloud.mail.ru/public/35ch/v8maMoYCk
«Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны және технологиясы» педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курсы, қазіргі жағдайда өзекті және сұранысқа ие болып табыладыы
Бағдарлама құрылымы бойынша сабақ тақырыбы бойынша шолу дәрістерді, бейне сабақтар,теориялық материалдар және практикалық тапсырмаларды қамтитын 4 модуль берілген. Әрбір модульдің соңында нақты тақырып бойынша вебинар жоспарланған және сабақ/сынып сағаты жоспарын әзірлеуге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін уақыт бөлінген.
«Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны және технологиясы» педагогтерге арналған бағдарлама қазіргі жағдайда өзекті және сұранысқа ие болып табылады және педагогтердің тәрбие саласындағы кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.
Курс өте пайдалы, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалған
«Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны және технологиясы» педагогтерге арналған курс, педагогтердің креативтілігі мен бастамашылығын дамытуға ықпал ететін оқытудың белсенді формаларын қолдануды, педагогтер мен ата-аналардың өзара әрекеті мен ынтымақтастығының деңгейін арттыруға ықпал ететін бірлескен іс-шаралар өткізуді қамтиды.
Бұл атаулы курс өзіме ұнады, мағыналық жағынан дда, тәрбиелік жағынан алғанда да, жалпы ұлттық тәрбие құндылықтарын дарыту әдістері мен тәсілдері жақсы қамтылған.РАҚМЕТ.
Біліктілікті арттыру нәтижесінде педагогтер мектеп оқушыларының тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қолдана алатын жаңа білім мен дағдыларды меңгереді.
«Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны және технологиясы» курсы педагогтерге алған бiлiмдерi мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға мүмкiндiк бередi.