«Инклюзивті білім беру ортасын құру бойынша тиімді менеджмент негіздері» атты мерзімдік курстарының білім беру бағдарламасы

12 сентября 2023 г.

Бағдарламаның жаңашылдық дәрежесі инклюзивті білім беру ортасының тиімді менеджменті үшін білім беру ұйымдары басшылары мен директорлар орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған білім беру бағдарламасын әзірлеу, басшылар мен директорлар орынбасарларының ЕБҚ бар балаларға оң көзқарасын қалыптастыру, кедергісіз дамыту ортасын, тиімді инклюзивті білім беру кеңістігін құру бойынша практикалық дағдылар мен әрбір баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, ол жерде ЕБҚ бар барлық балалар эмоциялық тұрғыдан сезінетін зияткерлік және академиялық қолдау, мектеп ұжымы жағдайында әлеуметтендіру процесіне енгізілген және оның қызметіне педагогикалық процесті ұйымдастырудың бейімделген мазмұны, нысандары, стратегиялары мен тетіктері негізінде белсенді қатысу болып табылады.

Білім беру ұйымдарының басшылары мен директорлар орынбасарларының біліктілігін арттыру жүйесінде аталған Бағдарламаның баламасы жоқ.

Бағдарлама құрылымы бойынша инклюзивті білім беру ортасын құрудың тиімді менеджментінің негіздері бойынша әртүрлі аспектілерді көрсететін 4 модульден тұрады.

 

1.

Модуль 1. Инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық және педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету аспектілері

1.1

Инклюзивті білім беру саясаты мен әдістемесі. Инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық және отандық заңнамалық база.

1.2

ЕБҚ балалар топтарының психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі тәсілдері.

1.3

ЕБҚ бағалау және ЕБҚ балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бағыттарын анықтау алгоритмі.

1.4

Балаларды оқытудағы ерекше қиындықтардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Жалпы білім беру ұйымдарын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің балаларды оқытудағы қиындықтарды анықтауы және бағалауы. ЕБҚ балалармен жеке дамыту жұмысының мақсаттары мен принциптері.

2

Модуль 2. Білім берудің мазмұндық және әдістемелік негіздері

2.1

Ерекше білім беру қажеттіліктерінің сипаты

және жіктелуі.

2.2

Балалардың жағымсыз мінез-құлқының себептері. Балалардағы жағымсыз мінез-құлықты жеңу әдістері.

2.3

ЕБҚ бар білім алушылардың, оның ішінде аутизм спектрі бұзылған білім алушылардың даму ерекшеліктері, оқу қиындықтарының түрлері.

2.4

Инклюзивті білім беру жүйесінде ата-ана –

педагог – мамандар серіктестігі.

3

Модуль 3. Білім беруді ұйымдастыру және менеджмент

3.1

ЕБҚ сипаттамасы. Жалпы білім беру ұйымдарында ЕБҚ балалар үшін арнайы жағдайлар ұйымдастыру.

3.2

Интеллектісі бұзылған балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жеке бағдарламаларын жасау және іске асыру тәртібі.

3.3

Жалпы білім беретін ұйымдағы педагог-ассистент қызметінің мазмұны. Педагог-ассистенттің ЕБҚ бар балаларды зерттеп-қарауды ұйымдастыру тәртібі. Зерттеп-қарау нәтижелерін құжаттау.

3.4

Инклюзивті білім беру жағдайында білім беру ұйымдарын басқарудың мазмұны мен қағидаттары.

4

Модуль 4. Инклюзивті білім беру технологиясы

4.1

ЕБҚ балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, Үлгілік білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру тәртібі, технологиясы.

4.2

ЕБҚ бар балаларға арналған жеке дамыту бағдарламаларын құру.

4.3

Инклюзивті білім беру жағдайындағы цифрлық технологиялар

4.4

Инклюзивті білім беруді енгізуді ескере отырып, мектепті дамыту жөніндегі жоспарының жеке және топтық жобасын әзірлеу.

4.5

Қорытынды бағалау: тестілеу және жобаларды қорғау

 

Толығырақ ақпарат алу

Акерке 26.09.2023 18:58:29

Инклюзивті білім беру жүйесінде ата – аналардың-мұғалімдердің-мамандардың серіктестігі өте қажет және бұл маңызды рөл атқарады, сондықтанда бұл курстар пайдалы да, қажетті

Айтолқын 25.09.2023 18:35:13

Инклюзивті білім беру саласындағы біліктілікті арттыруға мотивация, оқу бағдарламасының мазмұны мектеп басшылары мен орынбасарларына нағыз көмекші құрал болмақ.Инклюзия көшбасшылық тетігінен әлдеқайда көп нәрсені қамтитынын атап өту қажет. Сондықтан мектеп директорлары өз атынан бұйрық беруге емес, әріптестерінің ұсыныстарын мақұлдауға психологиялық тұрғыдан дайын болуы тиіс, олардың ынта-жігерлерін қолдауы, тыңдауға ұмтылуы тиіс.

Гүлжан 21.09.2023 11:11:58

Инклюзивті білім беру-ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерді ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс. Бұл курс біз сияқты директорлар мен директордың орынбасарларына инклюзивті білім туралы түсінуге және білуге мүмкіндік береді және ары қарай білімін арттырады.

Гулим 20.09.2023 11:05:48

Білім берудегі инклюзия-бұл бағыт қазіргі таңда сұранысқа ие, сондықтан бұл курс маған осы бағыттағы білімді күшейтуге көмектесті.

Айтолкын 18.09.2023 11:54:15

Бұл бағдарлама жұмыс істейді, сонымен қатар директорлар мен орынбасарлардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.