«Қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру: инновациялар және шығармашылық»

понедельник, 15 июня 2026 г.

«ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың

 халықаралық қоры» Қоғамдық қоры

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

ТМД елдері бойынша білім жүйесін

 дамытудың халықаралық қоры

Президент

__________________Жумабеков У.Э.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру: инновациялар және шығармашылық»

қосымша білім беру ұйымдарының басшыларының, педагогтерінің және әдіскерлерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана-2026

 

 

мазмұны

 

1.               

Жалпы ережелер

 

2.               

Глоссарий

 

3.               

Бағдарламаның тақырыптары

 

4.               

Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері

 

5.               

Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

 

6.               

Оқу процесін ұйымдастыру

 

7.               

Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

 

8.               

Бағдарлама нәтижелерін бағалау

 

9.               

Курстан кейінгі қолдау

 

10.            

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.    Жалпы ережелер

 

Біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтері мен әдіскерлеріне арналған. Бағдарлама қосымша білім беру саласындағы тиімді қызметті қамтамасыз ететін мамандардың кәсіби құзыреттері мен тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Оқыту курсы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Нысаналы топ: балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері және әдіскерлері.

Қазақстан Республикасында қосымша білім беруді дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда. 2022 жылдан бастап қосымша білім беру жүйесін дамыту аясында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілері жаңартылып, қолданысқа енгізілді. Атап айтқанда, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілді. Кейін аталған құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 59 бұйрығы және 2026 жылғы 4 мамырдағы өзгерістер қолданысқа енгізілді.

Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, «Педагог мәртебесі туралы» Заңына, педагогтің кәсіби стандартына, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидаларына және білім беру саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесін жаңғырту аясында балалардың шығармашылық, ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, спорттық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған жаңа тәсілдер енгізілуде. 2025 жылдан бастап балаларға арналған қосымша білім беру, спорт және шығармашылық бағыттарын біріктіретін бірыңғай ваучерлік жүйені енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты әрбір баланың сапалы қосымша білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оның шығармашылық, зияткерлік және тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған. Қосымша білім беру жүйесі балалардың қабілеттерін ашуға, кәсіби бағдарын қалыптастыруға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Білім сапасы педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне тікелей байланысты. Педагогтердің мәртебесін арттыру, кәсіби әлеуетін дамыту және заманауи талаптарға сәйкес үздіксіз кәсіби қолдау көрсету білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту құзыреттілік тәсілге негізделген. Оның негізгі мақсаты – маманның кәсіби қызметте тиімді қолдана алатын құзыреттерін дамыту, кәсіби дағдыларды, тұлғалық қасиеттерді және тәжірибелік қабілеттерді интегративті көрсеткіш ретінде қалыптастыру. Кадрлардың үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесінде біліктілігін арттыру педагогтердің кәсіби мүмкіндіктерінің аясын кеңейту және кәсіби шеберлігін арттыру механизмі ретінде қарастырылады.

Білім беру бағдарламасының өзектілігі мынада:

 

· қосымша білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық құзыреттерін жетілдіру;

· педагогтер мен әдіскерлердің білім беру процесін ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу бойынша кәсіби құзыреттерін дамыту;

· педагогтердің білім алушылармен өзара әрекеттесуде заманауи тәсілдерді қолдануға және тұлғаға бағдарланған оқыту мен тәрбиені жүзеге асыруға дайындықтарын қалыптастыру;

· білім алушылардың шығармашылық, зерттеушілік және жобалық қызметін ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру;

· цифрлық білім беру ресурстарын, заманауи білім беру технологияларын және инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тиімді пайдалану бойынша құзыреттерді дамыту;

· қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби өсуін, шығармашылық белсенділігін және инновациялық мәдениетін ынталандыру.

«Қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру: инновациялар және шығармашылық» қосымша білім беру ұйымдарының басшыларының, педагогтерінің және әдіскерлерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Модельге, Стандарт талаптарына және Үлгілік бағдарламаға сәйкес әзірленді.

Сонымен қатар курстың білім беру бағдарламасы қосымша білім беру ұйымдарының басшыларының, педагогтерінің және әдіскерлерінің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

 

2.   Глоссарий

 

Үлгілік оқу бағдарламасы – Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде әзірленген, үлгілік оқу жоспарына сәйкес білім беру мазмұнын зерделеудің көлемі мен тәртібін айқындайтын, негізгі білім мен дағдының ауқымын көрсететін құжат.

Педагог – тиiстi бейiні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсiптiк бiлiмi бар тәрбиеленушiлердi тәрбиелеу мен оқыту, білім беру қызметін ұйымдастыру және (немесе) әдістемелік қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын тұлға.

Модуль – бұл бір құзыреттілікті (әдетте кәсіби) немесе бітірушінің құзыреттіліктер тобын (мысалы, бір немесе бірнеше мәселелерді шешуге арналған барлық кәсіби құзыреттер) дамытуға бағытталған негізгі немесе қосымша білім беру бағдарламасының үлкен құрылымдық элементі.

Басқару – әрбір білім беру мекемесінің, барлық буындардың және тұтас жүйенің қалыптасуын, оңтайлы жұмыс істеуін және міндетті дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты қызметі.

Қосымша білім беру – баланың шығармашылық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету.

Құзіреттілік – бұл маманның (қызметкердің) кәсіби мәселелерінің белгілі бір класын шешудегі жеке қабілеті.

Қосымша білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген біртұтас, әрбір тәрбиешінің және жалпы ұжымның біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған өзара байланысты шаралар жүйесі.

Модель – қосымша білім беру жүйесін дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, тәсілдері мен ұстанымдарын айқындайтын тұжырымдамалық негіз.

Кәсіби құзыреттілік - бұл тапсырмаларды тиімді шешуге және өз жұмысында дамуға көмектесетін дағдылар мен білімдердің, жеке және іскерлік қасиеттердің жиынтығы.

Жанжалдарды басқару – мақсатты түрде әсер ету: не жанжал тудырған себептерді жою (азайту), не жанжалға қатысушылардың мінез- құлқын түзету немесе жанжалдың қажетті деңгейін сақтау.

Басқару функциялары – арнайы әдістер мен әдістермен орындалатын және белгілі бір басқару объектісін ұйымдастыру және басқару үшін қажет басқарушылық қызметтің белгілі бір түрі.

Моббинг (ағылш. mob-тобыр) бұл ұжымдағы адамды жаппай жәбірлеу түріндегі психологиялық зорлық-зомбылықтың бір түрі.

Мектеп моббингі топ немес топтың жартысы бір балаға көпшілікті қарсы қойып, оны қандай да бір себептермен қудалау да мектептегі эмоционалдық зорлық-зомбылықтың бір түрі екені белгілі. Қудалаушыларды момберлер, ал қудаланғандарды «құрбандар» деп атайды.

Моббинг – бұл «психологиялық террордың» бір түрі, ол бір адамның екінші бір адамға немесе басқаларға бағытталған жүйелі түрде қайталанатын дұшпандық және этикалық емес көзқарасты қамтиды. Мысалы, «жаңадан келген» балаға қарсы моббинг

Моббинг формалары: физикалық кемшіліктерін мазақ ету, оқшаулау, қабылдамау, келемеждеу, итеру, киген киімін мазақ ету және т.б.

Буллинг (ағылш. bullying, bully төбелесқұмар, сотқар, дөрекі, қияңқы, жанжалқой) бұл өзін-өзі қорғай алмайтын жеке оқушыға қатысты стематикалық, үнемі қайталанатын зорлық-зомбылық, бір оқушының немесе оқушылар тобының қорлауы.

Буллинг – бұл психологиялық террор. Ол әрқашан мақсатты көздейді – жәбірленушіні азаптау, қорқыныш тудыру, қорқыту, көңіл-күйін түсіру, қорлау, өзіне бағындыру. Зорлық-зомбылық жасаушылар балаға жағымсыз мазақ етіп ат қою, бойкот жариялау, қорқыту, жеке заттарын әдейі бұзу, ұру немесе тебу, жағымсыз және қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттер жасауға мәжбүр етеді, жалған ақпарат, өсек пен қауесет таратады, баланы әлеуметтік ортадан аластатады, бірлескен іс-шаралар, ойындар кезінде елемей, шеттетеді және т.б. Құқық бұзушы булли өте тапқыр.

 

3.    Бағдарламаның тақырыптары

 

1 Модуль. Қосымша білім беру жүйесінің нормативтік және басқарушылық негіздері

 

1.1 Қосымша білім беруді нормативтік-құқықтық негіздері:

ҚР «Білім туралы» Заңы

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР ОАМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрық) оған енгізілген ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №59 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі (ҚР БғМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрық)

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (ҚР БғМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрық)

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы.

«Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі білім беру қызметтерін көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге, оның ішінде “Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандарын бекіту туралы” ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығы

«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы (2025 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен).

«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығы.

 «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы// (өзгертулер мен толықтырулар 01.07.2024 г.).

1.2. Қосымша білім беру ұйымының заманауи басшысынң құзреттері және басқару мәдениеті және көшбасшылық

2-модуль. Қосымша білім беру педагогтері мен әдіскерлерінің әдістемелік қызметі және психологиялық-педагогикалық кәсіби құзыреттерін жетілдіру.

2.1 Қосымша білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызметтің мазмұны мен ұйымдастырылуы.

2.2 Қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби дамуын әдістемелік сүйемелдеу.

2.3 Қосымша білім беру педагогтері мен әдіскерлерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттерін жетілдіру.

2.4 Қосымша білім беруді жаңғырту жағдайындағы педагогтер мен әдіскерлердің кәсіби өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жетілдіруі.

3 Модуль.

Инновациялық және цифрлық технологиялар

 

3.1          Инновациялық педагогикалық технологиялар

3.2 Жасанды интеллект құралдарын педагогикада пайдалану

3.3  Шығармашылық және жобалық оқыту

3.4 Үйірме, секция және шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру

4 Модуль. Құндылыққа бағдарланған тәрбие және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру

4.1 Балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының мазмұны. «Адал азамат» бағдарламасы және «Біртұтас тәрбие» аясындағы құндылыққа бағдарланған тәрбие.

4.2 Балалар және педагогикалық ұжымдардағы буллинг пен моббингтің алдын алу.

4.3 Балалар ұжымын қалыптастыру және дамыту.

4.4 Ата-аналармен тиімді өзара әрекеттестік.

5 Модуль. Өзіндік жұмыс және бағалау

5.1 Тыңдаушылардың сапалық құрамына сәйкес және олардың кәсіби қажеттіліктерін ескере отырып, бағдарлама мазмұнын саралау. Тыңдаушыларға қиындық тудыратын сұрақтар бойынша мәселелерді талқылау және шешу

5.2  Педагогтің кәсіби құзыреттілігін өзі бағалауы

5.3. Жобаларды таныстыру және қорғау

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру бағдарламасының жаңашылдық дәрежесі қосымша білім беру саласындағы отандық және халықаралық тәжірибені, ұлттық құндылықтар мен заманауи педагогикалық тәсілдерді ескере отырып әзірленген;

· қосымша білім беру ұйымдарында көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында педагогтердің, әдіскерлер мен басшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру көзделеді;

· бағдарламада мақсат-міндеттері, білім беру мазмұнын қалыптастыру тұжырымдамасы, қосымша білім беру ұйымы қызметін ұйымдастырудың нысандары мен әдістері, басқарудың негізгі қағидаттары, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жүргізу ерекшеліктері айқындалған;

·  қосымша білім беру ұйымының білім алушылары мен олардың ата-аналарымен өзара әрекеттесу және серіктестік орнатудың негізгі қағидаттары мен тиімді нысандары қарастырылған.

 

4       Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері

Бағдарламаның мақсаты: Қосымша білім беру ұйымдарының басшыларының, педагогтері мен әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігін қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы жетілдіру, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінің дамуы жағдайында білім беру үдерісін басқару мен ұйымдастыруда тұлғаға бағдарланған тәсілді енгізу.

Бағдарламаның міндеттері:

• қосымша білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қолдану дағдыларын бекіту;

• тиімді кәсіби нәтижелерге қол жеткізу үшін тыңдаушылардың ақпараттық, технологиялық және коммуникативтік құзыреттерін дамыту;

• тыңдаушылардың жеке қажеттіліктері негізінде олардың кәсіби дамуының перспективаларын айқындау.

 

Күтілетін нәтижелер:

• қосымша білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді өз кәсіби қызметінде тиімді қолданады;

• қосымша білім беру саласындағы заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдістерді жүйелеп, практикада қолданады;

• білім алушылардың шығармашылық және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік тұрғыдан сүйемелдейді;

• қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық және әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастыру дағдыларын меңгереді;

• кәсіби құзыреттілікті арттырудың болашақ бағыттарын және жеке кәсіби даму траекториясын айқындайды.

 

 

5       Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

 

Бағдарлама 5 модульді қамтиды:

1-модуль. Қосымша білім беру жүйесінің нормативтік және басқарушылық негіздері

 2-модуль. Қосымша білім беру педагогтері мен әдіскерлерінің әдістемелік қызметі және психологиялық-педагогикалық кәсіби құзыреттерін жетілдіру.

3-модуль. Инновациялық және цифрлық технологиялар

4-модуль. Құндылыққа бағдарланған тәрбие және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру

5 Модуль. Өзіндік жұмыс және бағалау

 

1 Модуль. Қосымша білім беру жүйесінің нормативтік және басқарушылық негіздері

Модульдің өзектілігі:

Модуль тыңдаушыларды өз жұмысында басшылыққа алатын қосымша білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттарымен, бекітілген нормативтік құқықтық актілермен танысуға шақырады.

Модуль қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің, әдіскерлерінің және басшыларының қосымша білім берудің нормативтік құқықтық актілерін білудегі кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерінің қажетті деңгейін дамытуға бағытталған.

Модуль міндеттері:

1) қосымша білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қарастыру;

2) қосымша білім беру жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді таныстыру.

3) қосымша білім беру ұйымының басшысы ретіндегі кәсіби құзыреттіліктерін, стратегиялық жобалау дағдыларын дамытуға бағытталған.

 

Күтілетін нәтижелер:

1) қосымша білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын біледі;

2) қосымша білім беру жүйесінің нормативтік құқықтық актілері шеңберінде тәрбиелеу-білім беру процесін жүзеге асырады.

3) қосымша білім беру ұйымы басшысының кәсіптік құзыреттері мен стратегиялық жобалау дағдыларына ие болады;

 

2 Модуль. Қосымша білім беру педагогтері мен әдіскерлерінің әдістемелік қызметі және психологиялық-педагогикалық кәсіби құзыреттерін жетілдіру

Модульдің өзектілігі:

Қосымша білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында білім беру процесінің сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде әдістемелік қызметтің рөлі артып келеді. Қазіргі педагог пен әдіскер дамыған психологиялық-педагогикалық құзыреттілікке ие болуы, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін меңгеруі, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере алуы және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыра білуі тиіс. Кәсіби құзыреттерді жетілдіру білім беру қызметінің сапасын арттыруға және мамандардың кәсіби өсуіне ықпал етеді.

Модульдің міндеттері:

• қосымша білім беру ұйымдары педагогтері мен әдіскерлерінің психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіру;

• тиімді әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру дағдыларын дамыту;

• заманауи білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін қолдану біліктерін қалыптастыру;

• білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу дағдыларын жетілдіру;

• кәсіби рефлексияны және үздіксіз кәсіби өзін-өзі дамытуды дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

Модульді аяқтағаннан кейін тыңдаушылар:

• қосымша білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін біледі;

• тиімді кәсіби қызмет үшін қажетті психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгереді;

• заманауи білім беру технологияларын, әдістері мен формаларын тәжірибеде қолданады;

• білім алушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыра алады;

• өз кәсіби қызметін талдап, жетілдіруге және кәсіби дамуын жоспарлауға қабілетті болады.

3 Модуль. Инновациялық және цифрлық технологиялар

Модульдің өзектілігі:

Білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация педагогтердің инновациялық технологияларды, цифрлық ресурстарды және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдануын талап етеді. Қазіргі педагог білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жобалық қызметті ұйымдастыруға және білім беру процесін заманауи технологиялар арқылы жетілдіруге дайын болуы қажет. Әсіресе қосымша білім беру саласында үйірме, секция және шығармашылық жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда инновациялық тәсілдердің маңызы зор. Осы модуль педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеруге және шығармашылық білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Модуль міндеттері:

1)      инновациялық педагогикалық технологиялардың мазмұны мен ерекшеліктерін меңгерту;

2)     жасанды интеллект құралдарын педагогикалық қызметте қолдану мүмкіндіктерін қарастыру;

3)     шығармашылық және жобалық оқытуды ұйымдастыру дағдыларын дамыту;

4)     үйірме, секция және шығармашылық жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін үйрету;

5)      цифрлық білім беру ресурстары мен интерактивті құралдарды қолдану құзыреттілігін қалыптастыру;

6)     білім алушылардың шығармашылық, зерттеушілік және жобалық дағдыларын дамытуға бағытталған әдістерді тәжірибеде қолдануға үйрету.

 Күтілетін нәтижелер:

1)    инновациялық педагогикалық технологияларды білім беру процесінде тиімді қолданады;

2)     жасанды интеллект құралдарын оқу және әдістемелік қызметте пайдалана алады;

3)     шығармашылық және жобалық оқыту әдістерін ұйымдастырады;

4)     үйірме, секция және шығармашылық жұмыстарды заманауи талаптарға сай жоспарлайды және жүргізеді;

5)     цифрлық платформалар мен интерактивті ресурстарды кәсіби қызметінде қолданады;

6)   білім алушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған білім беру ортасын қалыптастырады.

4 Модуль. Құндылыққа бағдарланған тәрбие және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру

Модульдің өзектілігі:

Тәрбие жұмысы балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады және азаматтық жауапкершілігі бар, адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, белсенді өмірлік ұстанымы бар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі жағдайда «Адал азамат»  біртұтас тәрбие бағдарламасы тұжырымдамасы аясында құндылыққа бағдарланған тәрбиені жүзеге асыру, буллинг пен моббингтің алдын алу, балалар және педагогикалық ұжымдарда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, сондай-ақ білім беру ұйымының отбасымен өзара іс-қимылын нығайту ерекше маңызға ие. Тиімді тәрбие қызметі білім алушылардың тұлғалық дамуына, жағымды білім беру ортасын қалыптастыруға және қосымша білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Модульдің міндеттері:

• балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері туралы тыңдаушылардың білімін жетілдіру;

• «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы тұжырымдамасы аясында құндылыққа бағдарланған тәрбиенің негізгі бағыттарын ашу;

• буллинг пен моббингтің алдын алу, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру;

• ынтымақтастық, сыйластық және өзара қолдау қағидаттарына негізделген балалар ұжымын қалыптастыру және дамыту құзыреттерін дамыту;

• ата-аналармен тиімді өзара әрекеттесу және отбасын тәрбие үдерісіне тарту дағдыларын жетілдіру;

• заманауи талаптар мен білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие қызметін ұйымдастыруға педагогтердің кәсіби дайындығын дамытуға ықпал ету.

Күтілетін нәтижелер:

Модульді аяқтағаннан кейін тыңдаушылар:

• қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының нормативтік және тұжырымдамалық негіздерін біледі;

• «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы тұжырымдамасының мазмұны мен жүзеге асыру тетіктерін түсінеді;

лдын алу әдістерін, қауіпсіз және психологиялық тұрғыдан жайлы білім беру ортасын қалыптастыру тәсілдерін меңгереді;• ба

алар ұжымын қалыптастыру және дамыту бойынша тиімді технологияларды қолдана алады;

• тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ата-аналармен өзара әрекеттесудің заманауи формалары мен әдістерін пайдаланады;

• білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық және әлеуметтік қасиеттерін дамытуға бағытталған тәрбие іс-шараларын жобалап және жүзеге асыра алады.

 

5 Модуль. Өзіндік жұмыс және бағалау

 

Модуль өзектілігі:

Қорытынды модуль барысында оқытудың қорытындысы шығарылады, курстық оқыту рефлексияланады, ұсынылған тақырыпқа сәйкес мектепке дейінгі білім беруді дамыту жобасы жасалады, жоба бойынша топтық жұмыс жүргізіледі, жоба ұсынылып, қорғалады.

Әрбір модуль тәжірибелік жұмыспен, содан кейін өзін-өзі және өзара бағалаумен сүйемелденеді.

Модуль міндеттері:

1) тыңдаушылардың кәсіби іс-әрекетіндегі мәселелерді анықтау;

2) білім беру бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.

Күтілетін нәтижелер:

1) кәсіби қызметтегі мәселелерді ой елегінен өткізеді.

2) білім беру бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін бағалайды.

 

6. Оқу процесін ұйымдастыру

 

Біліктілікті арттыру курстары қашықтықтан оқыту режимінде курстың тақырыптық-оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Курстың ұзақтығы – 80 сағат.

Оқыту нысаны: кәсіби қызметтен қол үзбей, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану.

Оқу процесін қашықтықтан ұйымдастыру кезінде 30% (24 сағат)- синхронды оқытуға (онлайн дәрістер/вебинарлар) және 70% (56 сағат)- асинхронды режимде тыңдаушының өзіндік жұмысына (бұдан әрі – ТӨЖ) белсенділік тәсіліне негізделген уақыт бөлінеді, барған сайын күрделене түсетін шараларды ұйымдастыруды көздейді. Бағдарламаны меңгеру барысында тыңдаушылар практикалық іс-әрекетте қажетті материалдарды әзірлейді.

Онлайн оқыту арқылы оқу процесін әртүрлі платформалар мен құралдарды пайдалана отырып ұйымдастыруға болады, мысалы Zoom, Google Meet, Microsoft Teams және т.б.

Оқуды сәтті аяқтаған соң сертификат беріледі.

 

Курстың тақырыптық-оқу жоспары (онлайн курс)

 

Сабақтардың тақырыптары

Онлайн лекция/  Вебинар

Практикалық жұмыс

Тыңдаушының өзіндік жұмысы

Барлығы

1.

Модуль. Қосымша білім беру жүйесінің нормативтік және басқарушылық негіздері

2

 

6

8

1.1

1.1 Қосымша білім беруді нормативтік-құқықтық негіздері:

ҚР «Білім туралы» Заңы

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР ОАМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрық) оған енгізілген ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №59 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі (ҚР БғМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрық)

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (ҚР БғМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрық)

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы.

«Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі білім беру қызметтерін көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге, оның ішінде “Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандарын бекіту туралы” ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығы

«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы (2025 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен).

«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығы.

 «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы// (өзгертулер мен толықтырулар 01.07.2024 г.).)

1

 

2

3

1.2

Қосымша білім беру ұйымының заманауи басшының құзреттері және басқару мәдениеті және көшбасшылық

1

 

4

5

2

Модуль. Қосымша білім беру педагогтері мен әдіскерлерінің әдістемелік қызметі және психологиялық-педагогикалық кәсіби құзыреттерін жетілдіру. қызмет және педагогтің кәсіби құзыреттілігі

4

4

16

24

2.1

Қосымша білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызметтің мазмұны мен ұйымдастырылуы.

1

1

4

6

2.2

Қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби дамуын әдістемелік сүйемелдеу.

1

1

4

6

2.3

Қосымша білім беру педагогтері мен әдіскерлерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттерін жетілдіру.

1

1

4

6

2.4

Қосымша білім беруді жаңғырту жағдайындағы педагогтер мен әдіскерлердің кәсіби өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жетілдіруі.

1

1

4

6

3

Модуль. Инновациялық және цифрлық технологиялар

3

2

16

21

3.1

3.1 Инновациялық педагогикалық технологиялар

1

 

4

5

3.2

Жасанды интеллект құралдарын педагогикада пайдалану

1

 

4

5

3.3

Шығармашылық және жобалық оқыту

 

1

4

5

3.4

Үйірме, секция және шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру

1

1

4

6

4

Модуль.  Құндылыққа бағдарланған тәрбие және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру

3

1

12

17

4.1

Балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының мазмұны. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы құндылыққа бағдарланған тәрбие.

1

 

4

5

4.2

Балалар және педагогикалық ұжымдардағы буллинг пен моббингтің алдын алу.

1

 

2

3

4.3

Балалар ұжымын қалыптастыру және дамыту.

1

1

2

4

4.1

Ата-аналармен тиімді өзара әрекеттестік.

1

 

4

5

5

Модуль 5. Өзіндік жұмыс және бағалау

1

3

6

10

5.1

Тыңдаушылардың сапалық құрамына сәйкес және олардың кәсіби қажеттіліктерін ескере отырып, бағдарлама мазмұнын саралау. Тыңдаушыларға қиындық тудыратын сұрақтар бойынша мәселелерді талқылау және шешу

1

 

3

4

5.2

Педагогтің кәсіби құзыреттілігін өзі бағалауы

 

 

3

3

5.3

Жобаларды таныстыру және қорғау

 

3

 

3

Барлығы:

14

10

56

80

 

 

Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 минут.

 

 

Курстың тақырыптық-оқу жоспары (офлайн курс)

 

Сабақтардың тақырыптары

Сағат көлемі

1.

Модуль. Қосымша білім беру жүйесінің нормативтік және басқарушылық негіздері

10

1.1

1.1 Қосымша білім беруді нормативтік-құқықтық негіздері:

ҚР «Білім туралы» Заңы

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР ОАМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрық) оған енгізілген ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №59 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі (ҚР БғМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрық)

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (ҚР БғМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрық)

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы.

«Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі білім беру қызметтерін көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге, оның ішінде “Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандарын бекіту туралы” ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығы

«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы (2025 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен).

«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығы.

 «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы// (өзгертулер мен толықтырулар 01.07.2024 г.).)

5

1.2

Қосымша білім беру ұйымының заманауи басшының құзреттері және басқару мәдениеті және көшбасшылық

5

2

Модуль. Қосымша білім беру педагогтері мен әдіскерлерінің әдістемелік қызметі және психологиялық-педагогикалық кәсіби құзыреттерін жетілдіру. қызмет және педагогтің кәсіби құзыреттілігі

20

2.1

Қосымша білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызметтің мазмұны мен ұйымдастырылуы.

5

2.2

Қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби дамуын әдістемелік сүйемелдеу.

5

2.3

Қосымша білім беру педагогтері мен әдіскерлерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттерін жетілдіру.

5

2.4

Қосымша білім беруді жаңғырту жағдайындағы педагогтер мен әдіскерлердің кәсіби өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жетілдіруі.

5

3

Модуль. Инновациялық және цифрлық технологиялар

20

3.1

3.2 Инновациялық педагогикалық технологиялар

5

3.2

Жасанды интеллект құралдарын педагогикада пайдалану

5

3.3

Шығармашылық және жобалық оқыту

5

3.4

Үйірме, секция және шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру

5

4

Модуль.  Құндылыққа бағдарланған тәрбие және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру

20

4.1

Балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының мазмұны. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы құндылыққа бағдарланған тәрбие.

5

4.2

Балалар және педагогикалық ұжымдардағы буллинг пен моббингтің алдын алу.

5

4.3

Балалар ұжымын қалыптастыру және дамыту.

5

4.1

Ата-аналармен тиімді өзара әрекеттестік.

5

5

Модуль 5. Өзіндік жұмыс және бағалау

10

5.1

Тыңдаушылардың сапалық құрамына сәйкес және олардың кәсіби қажеттіліктерін ескере отырып, бағдарлама мазмұнын саралау. Тыңдаушыларға қиындық тудыратын сұрақтар бойынша мәселелерді талқылау және шешу

3

5.2

Педагогтің кәсіби құзыреттілігін өзі бағалауы

2

5.3

Жобаларды таныстыру және қорғау

5

Барлығы:

80

 

Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 минут.

 

 

7. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

 

Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету Бағдарламаның мақсатына, міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады.

Курстың тақырыптық-оқу жоспары негізінде (бұдан әрі – ТОЖ) оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) әзірленеді, ол оқуға қажетті теориялық материалды, интерактивті дәрістердің мазмұнын презентациялар, тренингтермен, вебинарларды, практикалық жұмыстар мен өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмаларды, қорытынды бақылауды, ұсынылатын әдебиеттер тізімін қамтиды.

Тыңдаушыларға курстық сабақтардың, вебинарлардың әрбір тақырыбы бойынша теориялық материалдар мен презентациялар, талдау және талқылау үшін үлгі тапсырмалар беріледі. Курс бойынша қосымша ақпарат бар көздеріне сілтемелер беріледі.

 

8.              Бағдарлама нәтижелерін бағалау

 

Қорытынды бағалау презентацияларды дайындауды және курс тыңдаушыларының топтық жобаларын қорғауды қамтиды, онда тыңдаушылар гипотезаны құрастырады, қол жеткізілген нәтижені көрсетеді, сондай-ақ олардың әрекеттерін болжайды. Жобалардың/презентациялардың тақырыптары, мақсаттары мен критерийлері педагогтердің әрбір санатының қызметінің ерекшеліктерін, олардың дайындық деңгейін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып таңдалады.

Тыңдаушылардың дағдыларын бағалау кезінде практикалық және өзіндік жұмыстарды орындау барысында алынған нәтижелер ескеріледі. Аралық және қорытынды бағалау үшін Google дисктегі тестілік бақылау нысаны қолданылады.

Өзін-өзі және өзара бағалауда белсенділікке, жаңа идеяларға, жауаптардың толықтығы мен тереңдігіне, белсенді кері байланысқа баса назар аударылады. Тыңдаушылардың өзіндік және практикалық жұмыстарын бағалау, өзін-өзі және өзара бағалау критерийлері: ақпарат көздерінің әртүрлілігі, жұмыс сапасы, шығармашылық көзқарас. Келесі шкала ескеріледі:

0-40% - орындалған жоқ;

41-50% - жартылай орындалды;

50-70% - қанағаттанарлық;

71-90% - жақсы;

91-100% - өте жақсы.

 

9.    Курстан кейінгі қолдау

 

Тыңдаушыларға Бағдарлама идеяларын іске асыруда курстан кейінгі қолдау курстық оқытудан кейін бір жыл ішінде онлайн вебинарлар, семинарлар, консультациялар ұйымдастыру түрінде жүзеге асырылады.

Тренер 1-3 ай ішінде тыңдаушылардың кәсіби даму мақсаттарына сәйкес практикада одан әрі іске асыру үшін практикалық, теориялық, жеке контекстте курс идеяларын түсінуге қолдау көрсетеді:

- жаңа білім мен дағдыларды тәжірибеге кіріктіру жолдары туралы вебинар;

- консультациялар;

- қосымша ресурстармен қамтамасыз ету.

4-9 ай ішінде тренер тыңдаушыларға оқытуды жақсарту үшін бағдарлама идеяларын тәжірибеге енгізуге қолдау көрсетеді:

- бағдарлама идеяларын іс жүзінде жүзеге асырудағы қиындықтарды жеңу бойынша вебинар;

- сабақтарды бақылау;

- консультациялар.

10-12 ай ішінде тренер тыңдаушыларға бағдарлама идеяларын практикаға енгізу тәжірибесі туралы рефлексия жасауға және оны одан әрі жетілдіруге педагогтердің идеяларды іске асыру тәжірибесін жалпылау және одан әрі жетілдіру бойынша семинар өткізу арқылы қолдау көрсетеді.

Курстан кейінгі іс-шараларды өткізу тыңдаушылардың мектепке дейінгі білім беруде оқу бағдарламаларын іске асырудың заманауи тәсілдерін, мектепке дейінгі білім беру педагогтарының үздіксіз кәсіби дамуын, қазіргі жағдайда мектепке дейінгі ұйымды басқаруды, мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді, оларды өз ұйымдарында нақты өмірлік жағдайларда пайдалану үшін қажетті дағдылар мен құзыреттерді жақсы түсінуіне; педагогикалық тәжірибені байытуға және т. б. бағытталған.

 

10.           Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

 

Негізгі әдебиеттер

1.    ҚР «Білім туралы» Заңы

2.    Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР ОАМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрық) оған енгізілген ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №59 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып.

3.    Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (ҚР БғМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрық)

4.    «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы.

5.    «Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы// Электрондық ресурс: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200031149 (қаралған күні: 21.05.2024).

6.    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №543 бұйрығы.

7.      Құрманалина Ш.Х. Педагогика. – Астана: Фолиант, 2013. – 488 б.

8.       Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 2004. – 420 б. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы: Дарын, 2004. – 152 б.

9.      Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. – 352 б.

10.   Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері. – Алматы: Рауан, 2003. – 280 б.

11.   Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 2014. – 400 б.

12.   Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. – Алматы: Раритет, 2013. – 216 б.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.

2. Қазақстан мектебі журналы. – Алматы: Қазақстан мектебі редакциясы, 2020–2025. – ай сайынғы ғылыми-әдістемелік журнал.

3. Ұстаз журналы. – Астана: Ұстаз баспасы, 2021–2025. – ғылыми-әдістемелік журнал.

4. Білім журналы. – Алматы: Білім баспасы, 2020–2025. – республикалық педагогикалық журнал.

5. Инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша әдістемелік құралдар. – Астана: «Өрлеу» БАҰО» АҚ, 2021. – 120 б.

6. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша нұсқаулықтар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 96 б.

7.  Жасанды интеллект құралдарын білім беру саласында қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2024. – 78 б.

8. Қосымша білім беру педагогтеріне арналған тәжірибелік жинақтар. – Алматы: Дарын, 2023. – 164 б.