ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

среда, 10 июня 2026 г.

ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

ҚҚ «ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры» «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 80 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасындағы

«06» қаңтар 2025 ж.

Жалпы жағдай

Аталмыш өзара ынтымақтастық туралы меморандум арқылы (бұдан кейін - Меморандум) ҚҚ «ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры» (ары қарай «Қор») атынан басқарушы директор 3.Е. Колумбаева бір тараптан және «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің «№80 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ екінші тараптан өзара ынтымақтастық қатынастарды орнатады.

Тараптар еліміздің интеллектуалды элитасын қалыптастыру, білім беру сапасын жетілдіруде тиімді ынтымақтастық орнату, бәсекеге қабілетті жас дарындарды дамыту мен тәрбиелеу туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың белгілеген басымдылықтарды орындау мен білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасау мақсатындағы Меморандум:

1. Мәні және мақсаты

1.1. Осы Қор мен №80 ЖББОМ арасындағы қазіргі кезеңде ұлттық білім беру моделін жүзеге асыруды жақсартуға бағытталған ынтымақтастық болып табылады.

1.2. Осы Меморандумның өтеусіз негізі бар. Осы Меморандум шеңберінде қаржылық негізі бар барлық туындайтын құқықтық қатынастар міндетті түрде жеке жасалатын ақылы азаматтық-құқықтық шарттар негізінде ғана келісіледі және белгіленеді.

2. Ынтымақтастық негізгі тараптары

2.1. Осы Меморандумды орындау мақсатында Тараптар өзара ынтымақтастықтың мынадай салаларын айқындайды:

  • шығармашыл ұстаздар үшін мамандықтар бойынша семинарлар мен конференциялар, байқаулар, шығармашылық олимпиадалар ұйымдастыру және өткізу;

  • ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, жазғы мектептер мен басқа да шараларды ұйымдастыру және өткізу;

  • ЖОО-ның педагогтарын тарту арқылы педагогтар мен оқушыларға ғылыми тұрғыда кеңес беру;

  • педагогтердің біліктіліктерін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;

  • ортақ өткізілген шаралардың материалдарын қорытындылайтын әдістемелік жинақтар мен брошюралар және т.б. шығару;

  • тараптар жағынан ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және т.б. шаралар ұйымдастыруда Тараптардың жинақтаған білім және тәжірибемен өзара алмаса, бөлісу;

  • осы Меморандумды жүзеге асыру материалдарын Тараптардың сайттарына орналастыру;

  • Тараптардың келісімдері арқылы кез келген ынтымақтастықтың түрлерін жүзеге асыру.

3. Басқа талаптар

3.1. Осы Меморандум ҚҚ «ТМД елдері бойынша білім жүйесін дамытудың халықаралық қор» және «№80 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ арасындағы өзарі іс-қимылдың базалық шарттарын анықтайды. Бұдан әрі Тараптар осы Меморандумның ажырамас бөліктері болып табылатын қосымша шарттар мен келісімдер негізінде осы ынтымақтастықтың шеңберін кеңейтуге құқылы.

(келесі бетке өту)

3.2. Тараптар сұрауы бойынша Тараптар арасындағы қосымша келісімдер негізінде кәсіптік қызметтердің барлық түрлерін ұйымдастыру бойынша жәрдем көрсететін болады.

3.3. Тараптар қажеттілігіне қарай өз мамандарын олимпиадалар, байқаулар, жарыстар, семинарлар, конференциялар, форумдар және т.б. өткізу үшін тартады.

3.4. Тараптар мүмкіндігінше тәжірибелі мамандары үшін оқушы аудиториялар, ата-аналар мен педагогтар қоғамының алдында сөз сөйлеу мүмкіндігін ұйымдастырады.

3.5. Мақсаттарға барынша жылдам және тиімді қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Тараптар осы меморандум бойынша мүдделерге қатысты өздерінің иелігіндегі ақпаратпен алмасуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда бірлескен консультациялар өткізуге міндеттенеді.

4. Қосымша

4.1. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және оларды іске асыру процесінде тараптар тең құқықтылы, адал ынтымақтастық, сондай-ақ бір-бірінің мүдделерін қорғау негізінде өзінің өзара қарым-қатынасын құруға міндеттенеді.

4.2. Тараптар осы Меморандумды бірлескен қызмет бойынша заңды және қаржылық міндеттемелерге әкеп соқпайтын ниеттер туралы декларация ретінде қарайды.

4.3. Тараптар сондай-ақ осы меморандум шеңберіндегі ешқандай іс-әрекеттер Тараптардың бірде-бірінің қандай да бір өкілеттіктері мен құқықтарына қысым жасамауға тиіс екендігін негізге алады.

5. Меморандумды өзгерту және бұзу тәртібі

5.1. Осы Меморандумды өзгертуге, толықтыруға және бұзуға Тараптардың өзара келісімі бойынша жол беріледі, ал заңда немесе осы меморандумда белгіленген жағдайларда осы Меморандум тоқтатылуы немесе өзге тәртіппен бұзылуы мүмкін.

5.2. Осы Меморандумның өзгерістері мен толықтырулары, егер мұндай өзгеріс немесе толықтыру Тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылса, жеке жазбаша келісіммен рәсімделеді.

5.3. Осы Меморандумға өзгеріс енгізетін құжатқа Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

6. Дауларды шешу тәртібі

6.1. Осы Меморандумның орындалуына байланысты Тараптар арасында туындауы мүмкін барлық келіспеушіліктер мен даулар келіссөздер жолымен шешіледі. Осы Меморандум шеңберінде операциялар жүргізу үшін жасалатын шарттарды (келісімдерді) іске асыру кезінде туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді шешу тәртібі жеке шарттармен (келісімдермен) белгіленеді.

6.2. Егер Тараптар келіссөздер нәтижесінде туындаған келіспеушіліктер бойынша өзара келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда, сондай-ақ Тараптардың бірі келіссөздер жүргізуден жалтарған жағдайда, онда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешіледі.

7. Қорытынды ережелер

7.1. Осы Меморандум екі тарап қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оны екі тарап екі жақты келісім бойынша немесе Тараптардың бірінің қалауы бойынша кемінде 30 күн бұрын екінші Тарапты алдын ала хабардар ете отырып, бұзған сәтке дейін әрекет етеді.

(келесі бетке өту)

7.2. Меморандумның мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін 1 (бір) данадан жасалды.