Инклюзивті тәсілдеме: мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу мен оқыту процесіне балаларды қосу

28 февраля 2024 г.

«Инклюзивті тәсілдеме: мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу мен оқыту процесіне балаларды қосу» педагогтердің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама, Тыңдаушы) тыңдаушылардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру процесін онлайн-форматта реттейді.

Осы бағдарлама тыңдаушыларды инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу мен оқыту процесіне қосу мақсатымен, міндеттерімен және ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған. 

Тыңдаушыларды курста оқыту ұзақтығы Бағдарлама тақырыбына сәйкес 80 академиялық сағатты құрайды.

Бағдарламаны әзірлеудің өзектілігі бірқатар объективті факторларға байланысты.

Біріншіден, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясат қол жетімділікті қамтамасыз етуге және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары мен топтарындағы балалар үшін бастапқы тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Дегенменде, «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» [10] ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға (ЕББҚ) жан басына шаққандағы нормативтің 2 есе жоғарылауына қарамастан, инклюзивті ортада ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді толыққанды қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы педагогтар (дефектолог, дефектолог, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), педагог-психологтер, педагог-ассистенттер жеткіліксіз екендігі айтылған. Демек, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің осы инклюзивті білім саясаты бағытында кәсіби дамуы маңызды болып отыр.

Екіншіден, халықаралық тәжірибені зерделеу шетелдік білім беруде балаларды «нормотиптік» және ЕББҚ бар балаларды топтарға жіктеп бөлу стратегиясы (Қазақстанда әдеттегідей) емес, олар үшін білімге тең қол жеткізудің барынша қолайлы жағдайларын жасау стратегиясы басым болып табылатынын айғақтайды. Сондықтан әлемдік трендтерді ұстану баланың жайлы және қауіпсіз ортада болуын қамтамасыз ететін инфрақұрылымды құру, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың инклюзивтілігін, даралығы мен ерекшеліктерін қолдауды қамтамасыз ететін білім беру кеңістігін құру проблемасын өзектендіреді.

Үшіншіден, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, педагогтердің басым көпшілігі (69%.) мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді жүзеге асыру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан үнемі өтеді, бірақ өздерінің практикалық қызметінде (30%) ЕББҚ бар балалармен (сөйлеу, мінез-құлық және т.б.) жұмысты ұйымдастыруда қиындықтарға кездеседі.

Педагогтер (33%.) ЕББҚ балаларды білім беру ұйымдарына қосу қажеттігін атап өтеді және тұтастай алғанда инклюзияға оң көзқарасты көрсетеді. Алайда, ЕББҚ бар балалармен жұмыс істеуге және оларды қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен бірлесіп тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға дайындықты педагог қызметкерлердің тек 35% - ы көрсетті, қалғандары түрлі кедергілердің бар екендігін және кәсіби қолдаудың қажеттігін айтады.

Педагогтер білім беру ортасын балаға бейімдеуде, баланың дамуының жеке траекториясын әзірлеуде, оқыту бағдарламасын қалыптастыру қағидаттарын әзірлеуде және сақтауда, ЕББҚ бар баланың отбасымен және ата-анасымен ынтымақтастықты орнатуда бірақ кәсіби қиындықтармен бетпе бет келеді.

Бағдарламаның мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы балалар ұжымына кірістіру бойынша мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

1) мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибеге негізделген әдістемелері мен технологияларын іске асыру формаларын, стратегиялары мен тетіктерін білу және қолдану;

2) мектепке дейінгі ЕББҚ бар балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру кезінде даралау және саралау тәсілдерді қолдануға үйрету;

3) кедергісіз даму ортасын құруды үйрету;

4) вариативті жеке бейімделген бағдарламаларды, ЕББҚ бар баланың жеке траекториясын әзірлеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

1) мектеп жасына дейінгі ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибеге бағдарланған әдістемелері мен технологияларын іске асыру формаларын, стратегиялары мен тетіктерін біледі және оны қолданады;

2) мектепке дейінгі жастағы ЕББҚ бар балалардың қызметін ұйымдастыру кезінде даралау және саралау тәсілдерін қолдана алады;

3) кедергісіз даму ортасын құруды біледі;

4) вариативті жеке бейімделген бағдарламаларды, ЕББҚ бар баланың жеке бағытын әзірлеудің практикалық дағдылары бар.

Бағдарламаның практикалық маңыздылығы мынада: мазмұны мектеп жасына дейінгі ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибеге бағдарланған әдістері мен технологияларын іске асырудың формаларын, стратегиялары мен тетіктерін, олардың ойын әрекетін ұйымдастыруда даралау және саралау тәсілдерін қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл бағдарламалар кедергісіз даму ортасын құру үшін алғышарттар жасайды.

Оқыту нәтижелері педагогтер ЕББҚ бар баланы мектепке дейінгі ұйым ұжымына қосу үшін курстың негізгі идеялары мен меңгерген дағдыларын практикалық іс-әрекетте қолдануына ықпал етеді.

 

5.Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Бағдарлама құрылымы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы балалар ұжымына кірістіру бойынша кәсіби құзыреттіліктерді дамытудың әртүрлі аспектілерін көрсететін 4 модульден тұрады.

 

1.

Модуль 1. Курстың теориялық негіздемесі

1.1

Инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық негіздері. ЕББҚ бар балаларды отандық және шетелдік тәжірибеде тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мәселелері.

1.2

Мектепке дейінгі ұйымдарда ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың нормативтік-құқықтық және психологиялық аспектілері.

1.3

«ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері» практикалық жұмысы.

1.4

Өзін-өзі және өзара бағалау.

2

Модуль 2. ЕББҚ бар балалармен жұмыс кезінде тәрбиешілердің психологиялық-педагогикалық кәсіби құзыреттерін жетілдіру

2.1

Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар топтары.

2.2

Қарым-қатынаста проблемалары бар мектеп жасына дейінгі балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері.

2.3

Мектепке дейінгі ұйымдағы ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі.

2.4

Мектепке дейінгі мекемеде ЕББҚ бар балаларды сүйемелдеуді (қолдауды) ұйымдастыру.

2.5

Педагогтардың, мамандардың, баланың ата-аналарының ЕББҚ-мен өзара әрекеттесу алгоритмі

2.6

«ЕББҚ бар балаларды білім беру ортасына әлеуметтендіру» практикалық жұмысы.

2.7

Өзін-өзі және өзара бағалау.

3

Модуль 3. ЕББҚ бар балаларды балабақшадағы балалар ұжымына кіріктіру мазмұны мен технологиясы

3.1

ЕББҚ бар балалардың ұжымға кешенді, ішінара және уақытша, толық интеграциясы.

3.2

«Кедергісіз даму ортасын құру» практикалық жұмысы.

3.3

Өзін-өзі және өзара бағалау.

3.4

Мектеп жасына дейінгі ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибеге бағдарланған әдістері мен технологияларын іске асырудың формалары, стратегиялары мен тетіктері.

3.5

Мектеп жасына дейінгі ЕББҚ бар балалардың ойын әрекетін ұйымдастырудағы даралау және саралау тәсілдері.

3.6

«Вариативті жеке бейімделген бағдарламаларды әзірлеу» практикалық жұмысы.

3.7

Өзін-өзі және өзара бағалау.

4

Модуль 4. Өзіндік жұмыс және бағалау

4.1

ЕББҚ бар балаларды тәрбиелеу және оқыту процесін ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану.

4.2

ЕББҚ бар балалардың ұйымдастырылған қызметін ұйымдастыру технологиясы (ойын, қозғалыс, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек).

4.3

«ЕББҚ бар баланың жеке бағытын әзірлеу» практикалық жұмысы.

4.4

Өзін-өзі және өзара бағалау.

4.5

Қорытынды бағалау: презентация және жобаларды қорғау.

 

  Толығырақ https://cloud.mail.ru/public/Nemp/vU348W1Qz

Балзада 14.03.2024 13:39:28

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әлеуметтенуі қоғамға маңызды. Олармен қалай жұмыстану, қандай әдістемелерге жүгініп білім мен тәрбие беру педагогтардың алдындағы тұрақты сауалы. Бұл сауалдың шешімін тауып, дұрыс тәсілдемелерді қолдануға осы ұсынылған бағдарлама ауадай қажетті және пайдасы толағай деген ойдамын.

Айсұлтан 12.03.2024 14:21:31

Қазіргі таңдағы өзекті бағдарлама. Тек теория жағынан ғана емес практикалық тұрғыдан да қарастырылыған

Алма 10.03.2024 12:36:04

Бұл курстың қажеттілігі қазіргі таңда жоғары және қамтыған тақырыптары да өзекті

Инабат 05.03.2024 11:04:49

Бағдарлама инклюзивтік білім берудің теориялық және практикалық мәселелерін қамтыған. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары үшін білімдерін толықтыруға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын

Диана 04.03.2024 16:29:39

Бағдарлама мұғалімдерді мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие мен оқыту процесіне ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосудың негізгі мақсаттарымен, міндеттерімен және ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған.

Айнұр 01.03.2024 18:57:45

Бағдарламаның құрылымы сауатты құрылған. Практикалық бөлігі де, теориялық бөлігі де бар.

Дамир 01.03.2024 18:52:33

Инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық негіздерін көбіміз білмей жатамыз .Бқл бағдарлама инклюзиның қыр-сырын әр тараптан көрсеткен.

Гүлнар 01.03.2024 10:54:59

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру мәселесі өте өзекті. Бұл бағдарлама мектепке дейінгі білім беру педагогтері үшін үлкен көмек болады деп ойлаймын. Бізге осындай бағдарламалар өте қажет.

Бақытты 29.02.2024 14:14:32

Бағдарлама маңызды тақырыптарды қамтыған және мұғалімдер үшін инклюзивті білім берудегі негізгі дағдадыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Меруерт 28.02.2024 22:00:31

Бағдарлама мұғалімдерге өте өзекті тақырып бойынша негізгі білім мен дағдыларды игеруге көмектеседі.

Темирлан 28.02.2024 17:57:21

Бағдарлама кедергісіз даму ортасын құру жолдарын көрсетті